Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Майра Мұхамедқызы мен Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков бар, деп хабарлайды 24KZ.
Жергілікті жұрт қос жұлдызды бірден танып, сайлау учаскелерінде суретке түсті. Белгілі өнер және спорт қайраткерлері осындай маңызды күні азаматтық ұстанымын білдіріп, таңдау жасау әр адамның парызы деп есептейді.
Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның халық әртісі:
– Осындай қызу науқанға ел, жер үшін берілген мүмкіндікке дауыс беруге әрбір азаматтың құқығы бар. Сондықтан мен өз дауысымды, өз таңдауымды таңдап, өз қалауыммен дауысымды бердім.
Мұхтархан Ділдәбеков, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті:
– Елдің, спорттың болашағы үшін осындай таңдау таңдадым. Өйткені мен елдің туын, намысын көтеріп жүрген азаматпын. Еліміздің туы әр уақытта желбірей берсін. Ауызбіршілік болып, еліміз, жұртымыз аман болсын!
Тегтер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz