Алматыда сайлау күні үйден дауыс беру туралы тұрғындардан 1230 өтініш түсті. Денсаулығына, егде жасына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтарға үйде дауыс беру мүмкіндігі жасалды, деп хабарлайды 24KZ.
№359 сайлау учаскесіне үш өтініш түскен. Учаскелік комиссия мүшелері көрсетілген мекенжайға бюллетень жеткізді. Дауыс беру барысында заң талаптары толық сақталды. Комиссия мүшелері телевизия саласында көп жыл еңбек еткен ардагерге үйден шықпай-ақ конституциялық құқығын жүзеге асыруына жағдай жасады.
Гүлнәр Шаиқова, Алматы қаласы №359 сайлау учаскесі комиссиясының мүшесі:
– Бұл мекенжайда 87 жастағы Лариса Михайловна Макарочкина тұрады. Ол бүкіл ғұмырын тележурналистика саласына арнаған. Азаматтық ұстанымының белсенді екені бірден байқалады. Жасы ұлғайып, зейнетке шыққанына қарамастан, Қазақстандағы барлық жаңалықтан хабардар. Өз таңдауын жасады. Оған ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және бар жақсылықты тілейміз.
Тегтер #24KZ #дауыс беру #АлматыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz