RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияның Хонсю аралында цунами қаупі жарияланды

01.01.2024, 17:40 1043

Өйткені мұнда 2 рет жер сілкінді.

Қос зілзала аралдың 2 түрлі ауданында тіркелген. Арасы – бірнеше минут. Зардап шеккендер жөнінде мәлімет жоқ. Бірақ табиғат апаттан кейін мыңдаған үй жарықсыз қалды. Әуе және теміржол қатынасы іркіліспен жұмыс істеп тұр. Мамандар қауіп әлі сейілмегенін айтады. Өйткені жағалаудағы толқындардың биіктігі 5 метрге дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты Ресейдің Сахалин аралында, Владивосток және Находка қалаларында да цунами қаупі жарияланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz