RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та қалың қардан 240 мың үй жарықсыз қалды

10.01.2024, 14:20 1146

АҚШ-тың орталық-шығысына қалың қар түсіп, 240 мың үй жарықсыз қалды.

Кей мектептер жұмысын тоқтатып, жолдар жабылған. Айова, Оклахома және Небраска штаттарында жауған ақ ұлпаның қалыңдығы 25 сантиметрге дейін жетеді. Қазір аймақтарда коммуналдық қызметтердің көбі қалаларды қардан тазалау жұмыстарына жұмылдырылған. Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз ауа райы тағы бірнеше тәулік жалғасуы мүмкін. 

Оңтүстік Кореяға қалың қар түсті

Оңтүстік Корея астанасы да ақ ұлпаға оранды. Қалың қардың салдарынан қозғалыс шектелген. Көлік кептелісінен тұрғындардың діттеген жеріне жетуі қиындаған. Метереологтар алдағы тәулікте аяз тұруы мүмкін деп ескертіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz