RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: Жасанды интеллектіні бақылау қажет

21.01.2024, 09:50 779

Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб жасанды интеллектіні пайдалану үшін арнайы құрылым құруға шақырды.

Ондағы мақсат – нейрондық желіні бақылау. Себебі жасанды интеллект мүмкіндіктерінің адамзатқа пайдасымен қатар зияны да бар. Жаңа технологиялар экономиканың өркендеуіне үлес қосады. Алайда көптеген адамдар жұмыссыз қалуы мүмкін. Сондай-ақ нейрондық желіні пайдалану кезінде зияткерлік меншік және ұлттық қауіпсіздік аспектілерін бақылау керек, - дейді сарапшы.

Клаус Шваб, Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы:

- Жасанды интеллект игілік бастамасы ма, әлде қауіп көзі ме, ол бізге байланысты. Менің ойымша, бұл – керемет мүмкіндік. Әсіресе экономиканы дамытуға оң ықпал ететіні сөзсіз. Бірақ біз оны бақылауға алып, қауіптің алдын алуымыз қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz