RU
Толық нұсқаға өту

Еуропада газ қоры азайды

06.02.2024, 07:50 547

Еуропада қоймадағы газ қоры 70 пайыздық межеден төмендеді.

Энергетикалық дағдарыс туындамас үшін талап бойынша көрсеткіш 90 проценттен асу керек. Негізі Кәрі құрлықта биыл қаңтар жылы болды. Синоптиктер ақпанда да осылай болатынын болжайды. Күннен алынатын электр энергиясының көлемі былтырмен салыстырғанда біршама артқан. Демек, көгілдір отын аз шығындалуы керек еді. Бірақ ахуалға Қызыл теңіздегі текетірес әсер еткен. Шабуылдар үдеп, шикізат тасымалы қиындады. Ол аздай табиғи газ қоры бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұрған елдің бірі - Катар да Суэц каналы арқылы көгілдір отын тасымалдаудан бас тартты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz