RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанда балалар өліміне қатысты іс аяқталуға жақын

13.02.2024, 10:55 834

Өзбекстанда жөтелге қарсы шәрбаттан қайтыс болған 68 балаға қатысты сот ісі аяқталуға жақын.

Прокурор Quramax Medikal компаниясының экс-директорын 20 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Ал Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы басшысы және екі орынбасарын 18 жылға соттауды сұрады. Бұл туралы жергілікті "Газета.uz" басылымында жарияланды. Тергеу сондай-ақ сотталушылардан 68 баланың жақындарына 100 млн сум, біздіңше, 3,5 млн теңге материалдық шығын өтеуін талап еткен. Шәрбаттан жеңіл зардап шеккен балалар үшін де өтемақы сұрап отыр.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында болды. Үндістанның Marion Biotech фармацевтикалық компаниясының жөтелге қарсы препаратын қабылдаған балалардың халі күрт нашарлап, дереу ауруханаға жеткізіліп, артынша 68 жеткіншек көз жұмған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz