RU
Толық нұсқаға өту

Газаның оңтүстігінде атыс күшейді

14.02.2024, 13:40 646

Израиль әскері Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласына шабуылды үдетіп, қақтығыс күшейді.

Осының кесірінен шаһарға барып бас сауғалаған палестиналықтарды қорқыныш пен үрей басқан. Өйткені олар бұған дейін аймақтың ұрыс жүрген өзге аудандарынан қашып келген. Мұнан басқа барар жері жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да «Газада қауіпсіз орын қалмады» деп дабыл қағып жатыр. Бейбіт халық тағы қоныс аударса, жағдай ушығады, - дейді.

Айта кетейік, қазір Рафахта 1,5 миллионға жуық босқын бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz