RU
Толық нұсқаға өту

Оманда су тасқынынан төрт адам қаза тапты

15.02.2024, 07:44 625

Оманда тасқыннан 4 адам ажал құшты.

Марқұмдардың үшеуі бала. Сарапшылар әдетте су жүре қоймайтын араб елінің инфрақұрылымы көп жауын-шашынға дайын емес екендігін айтады. Қарапайым ғана суағарлардың өзі дұрыс салынбаған. Тасқын негізгі жолдарды шайып, ондаған ауыл оқшауланып қалған. Мамандар жүзден астам адамды құтқарды. Үкімет қолайсыз күн райына байланысты мектептерді жабу туралы шешім шығарған. Билік тұрғындарға әзірге сапарға шықпауды ескертіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz