RU
Толық нұсқаға өту

Палау мемлекеті суға кетіп жатыр

15.02.2024, 13:43 948

Тынық мұхитындағы шағын аралды мемлекет Палауды су баса бастады.

Оған климаттың өзгеруінен теңіз деңгейінің көтерілуі себеп. Осының салдарынан тұрғындар қонысын тастап, қауіпсіз жерлерге көшуге мәжбүр. Елдегі жерасты таза су көздері де бүлініп, қиындық туындаған. БҰҰ өкілі Илана Сеидтің айтуынша, жаһандық жылынудан Палаудың ауыл және балық шаруашылығы көп зардап шегіп отыр. Бұл азық-түлік тапшылығын тудырып, гуманитарлық дағдарысқа әкелуі мүмкін дейді ол.

Илана Сеид, БҰҰ Палаудағы тұрақты өкілі:

«Палау билігі БҰҰ-нан елге климаттық өзгеріс пен қауіпсіздік жөніндегі арнайы өкіл тағайындауды сұрап отыр. Өйткені шағын аралда жағдай күрделеніп тұр. Жергілікті үкімет ұйым жаһандық жылынудың салдарын көзбен көріп, тиісті шешімдер шығаруы қажет дейді. Осы мақсатта біз қауымдастық кеңесін Палауға шақырамыз».

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz