Газа секторында созылмалы ауруы бар мыңдаған науқас ем ала алмай жүр.
Халықаралық "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының сарапшылары осылай деп дабыл қақты. Өйткені қақтығыс жайлаған аймақта дәрігер мен дәрі-дәрмек жетіспейді. Қазір Газадағы 36 аурухананың тек 14-і ғана жұмыс істеп тұр. Жалпы анклавта бүйрегіне жасанды қан құятын мыңға жуық науқас пен бүйрегін ауыстырған 450 адам бар. Бірақ олардың бәрі емсіз қалып отыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz