Қытайдың Сучжоу қаласында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Мұз қатқан жолда жүзден аса көлік соқтығысты. Салдарынан 9 адам қайтыс болды. Апат орнында тергеп тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кейінгі бірнеше аптада Қытайдың басым бөлігінде ауа райы бұзылып, күн күрт суытты. Ызғар мен бораннан жолда көктайғақ пайда болды. Синоптиктердің айтуынша, мұндай жағдай әлі бірнеше күн жалғасады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz