Гаити астанасында қарулы топтар түрмеге шабуыл жасап, 3700 сотталушы қашып кетті.
Артынша атыс дыбыстары естіліп, тәртіпсіздіктер орнаған. Сондықтан қалада төтенше жағдай жарияланды.
Айта кеткен жөн, Латын Америкасында орналасқан Гаити әлемдегі ең кедей мемлекеттің бірі. 2021 жылы жазда президентке шабуыл жасалды. Артынша мыңдаған адамның өмірін қиған жер сілкінісі болды. Осыдан кейін ахуал тіптен қиындап кетті. Былтыр ел астанасының 80 пайызы қылмыстық топтардың бақылауында болған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz