RU
Толық нұсқаға өту

Израиль ХАМАС-қа қарсы әскери операция бастады

18.03.2024, 17:00 611

Израиль әскері Газа секторындағы ең ірі Шифа ауруханасында ХАМАС-қа қарсы әскери операциясын бастады.

Бұл туралы ЦАХАЛ қозғалысының өкілі хабарлады. Оның сөзінше, ХАМАС әскері Шифа емдеу мекемесінде жасырынып, бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде қолданып отыр. Сол себепті олардың көзін жоймай, іздеу операциясы тоқтамайды. Ал қарапайым халыққа ешқандай қауіп жоқ. Гуманитарлық көмек кіргізуде кедергі болмайды, емдеу орны қызметін үздіксіз жалғастыра береді деп мәлімдеді.

Израиль, Тель-Авив

Дэниел Хагари, ЦАХАЛ қозғалысының өкілі:

- Біз Газа халқына емес, ХАМАС қозғалысына қарсы шабуыл жасаймыз. Бейбіт тұрғындарға зиян келтірмейміз. Емдеу мекемесіндегі қызметкерлер мен науқастарды эвакуациялаудың қажеті жоқ. Ал басқалар үшін тысқа шығар жол бар. Тек ауруханада жасырынып отырған ХАМАС әскерлерін іздеу операциясын жалғастыра береміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz