Ресейдегі лаңкестік әрекеттен 60-тан аса адам қаза тауып, тағы 146 кісі жараланған.
Ресей Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеуінше жарақат алғандардың 60-ы хал үстінде жатыр. Оның ішінде 5 бала бар. Жарақат алғандардың 115-і Мәскеудегі 12 ауруханаға жеткізілген. Тағы 30 адам амбулаторлық көмекке жүгінген. Оқыс оқиға кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 50 жедел жәрдем бригадасы және 3 тікұшақ жұмылдырылған. Лаңкестік әрекетті кімдер ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Күдіктілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz