Олимпиада ойындары қарсаңындағы даяшылар жарысы.
Париждегі бұл сайыстың ережесі бойынша қатысушылар тәтті тоқаш, су құйылған стақан және бір шыны кофесі бар табақты қолынан түсірмей 2 шақырым жүріп өтуі тиіс. Бірақ жылдамдықты арттырып, жүгіруге болмайды. Даяшылардың өздері мұндай жарыс көрер көзге оңай болып көрінгенімен, қиындығы көп, дейді.
БЛИЦ
- Мұндай іс-шаралардың ұйымдастырылуы өте маңызды. Көрермендерге қызық деп ойлаймын. Себебі мұнда дәмхананың мәдениеті көрсетіледі.
- Сайыс керемет. Мұндай додаларды өткізіп тұру өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі Париж үшін даяшылардың маңызы өте зор.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz