RU
Толық нұсқаға өту

Нью-Йорк қаласының маңында жер сілкінді

06.04.2024, 16:14 888

Оның магнитудасы 4,8-ге жетті.

Жапа шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Бірақ табиғат апаты, тұрғындар арасында біраз дүрбелең туғызған. Өйткені АҚШ-тың шығыс жағалауында зілзала сирек болады. Қазіргі жер сілкінісі кейінгі 40 жылдағы ең қуатты тербеліс болып отыр. Қала басшысы алдағы күндері жер-асты дүмпулері қайталануы мүмкін екенін ескертеді.

Блиц:

- Зілзала болғанын бірден түсіндім. Өйткені былтыр бізде Түркияда жер сілкінген. Содан білемін.

- Мен қонақ үйде болғам. Жер сілкінгенде астымыздан пойыз жүріп өткендей сезілді. Түсінбей абдырап қалдық. Хабарламаны кеш келді. Мамандар неге ертерек ескертпеді деп таңғалып отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz