RU
Толық нұсқаға өту

ТҮРКСОЙ Қазақстан халқына қолдау білдірді

07.04.2024, 22:13 647

Түркия Республикасы су тасқынына байланысты Қазақстан халқы мен билігіне қолдау білдіріп, үндеу жолдады.

Жан-жақты көмек көрсететінін айтты. Сондай-ақ халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымы да киын-қыстау кезеңде казак бауырларымен бірге екенін білдіріп, табиғи апаттан зардап шеккендерге каржылай көмек көрсетілетін жеткізді.

Сұлтан Раев, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы:

- Құрметті бауырластарым! Бүгінде Қазақстан халқы қиын-қыстау күндерді басынан өткеруде. Қазақстанның солтүстік облыстарының біраз жерін су басып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне ауыртпалық әкелді. Осындай жағдайда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы сіздермен бірге екенін білдіргіміз келеді. Ұйымға мүше 14 мемлекеттің атынан сіздерге күш-қуат және сабырлық тілейміз. Жақсы күндер әлі алда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz