RU
Толық нұсқаға өту

Орск тұрғындарына екпе егіледі

08.04.2024, 17:55 714

Ертеңнен бастап Орск тұрғындарын А гепатитіне қарсы вакциналау басталады, деп хабарлайды 24KZ.

Себебі қаладағы тасқыннан ел арасында аталған вирусты жұқтыру қаупі күшейген. Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, ішек ауруларының алдын алу үшін эвакуацияланған азаматтарға екпе тегін салынады.

Қазір Орскта стационарлық, медициналық көмек уақытша тоқтатылған. Қажет болған жағдайда науқастар көршілес қалаларға жіберіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz