RU
Толық нұсқаға өту

Қосымша күш Қорғанға қорған бола ала ма?

09.04.2024, 09:48 664

Ресейдің Қорған облысына Төтенше жағдай министрлігінің аэромобильді тобы аттанды.

100-ден аса маман аймақтағы тасқынның алдын алуға көмектеседі. Осы уақытқа дейін өңірде 21 үй мен 100-ге жуық жер учаскесін су басып, бір көпір мен 7 тас жолды су шайып кеткен.

600-ден аса адам эвакуацияланды. Олардың 100-ден астамы уақытша орналастыру орталықтарына жайғасса, 500-і туған-туыстарының үйін паналаған.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта аймақтағы ахуал күрделене түседі. Себебі Тобыл, Үй, Исеть пен Миасс өзендерінде су одан әрі көтерілуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz