RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда дауылдан 5 адам көз жұмды

28.04.2024, 15:00 999

Қытайдың Гуанчжоу қаласында алапат дауыл тұрып, 5 адам көз жұмды.

Тағы 33 адам ауыр жарақат алды. 10 күннен бері Қытайда нөсер жауын жауып салдарынан өзен-көлдер тасып жатыр. Әсіресе Гуандун провинциясында ахуал күрделі. Нөсер салдарынан электр желілеріне зақым келіп, 1,5 миллионға жуық халық жарықсыз қалды. Көлік пен пойыз қозғалысы шектелді. Өзен ағысының қатты болғаны соншалық, кеме мен қайық қозғалысына тыйым салынды. Мұндай апат Қытайда кейінгі 50 жылда болмаған, – дейді сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz