RU
Толық нұсқаға өту

Есіл өзенінің деңгейі рекордтық межеге жетті

29.04.2024, 19:10 746

Түмен облысында су тасқыны қаупі күшейіп барады, деп хабарлайды 24KZ.

Мұнда толассыз жаңбыр жауып, бүгін Есіл өзенінің деңгейі 12 метрден асты. Бұл – бұрын-соңды болмаған ахуал. Облыс арқылы өтетін Тобыл өзенінің де деңгейі көтеріліп жатыр. Мамандар: «1 мамырға дейін жағдай жақсара қоймас», – деп топшылап отыр.

Ресейде су кірген үйлердің саны қазір 9,5 мыңға жуықтайды. Бұдан бөлек, 26 мыңдай саяжайды су басқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz