RU
Толық нұсқаға өту

Ливия жағалауында 87 мигрант құтқарылды

05.05.2024, 09:09 755

Келімсектердің арасында Судан, Нигерия мен Африканың тағы да басқа мемлекеттерінің азаматтары бар.

Бұл туралы Италияның гуманитарлық ұйым өкілдері хабарлады. Теңіз сақшыларының айтуынша,босқындар резеңке қайықпен Жерорта теңізі арқылы Еуропа аумағына өтпек болған. Бірақ сапар барысында ауызсу мен азық-түлігі таусылып, қиындыққа тап болған. Қазір олардың бәрі Италияның Неаполь қаласында. Айта өтейін, Италияға теңіз арқылы жыл сайын мыңдаған мигрант келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 100 мыңнан асып кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz