RU
Толық нұсқаға өту

Бразилияда су тасқыны құрбандарының саны артты

05.05.2024, 11:12 891

Бразилияның оңтүстігіндегі тасқын құрбандарының саны артып, 56 адамға жетті.

Із-түзсіз жоғалып кеткен 67 тұрғын әлі табылған жоқ. Өңірде нөсер толастамай тұр. Салдарынан өзен арнасынан тасып, дамба жарылған. Салдарынан аймақтағы ең ірі шаһардың бірі Порту-Алегри қаласын су басты. Бүлінген үйде есеп жоқ. Билік бұл өңір тарихындағы ең алапат тасқын болғанын айтады. Су басқан елді мекен саны 300-ге жуықтайды. 32 мың адам үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілген. Ал синоптиктер алдағы күндері бұдан да қатты нөсер жауатынын ескертеді. Содан тағы бір бөгеттің жарылу қаупі төніп тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz