RU
Толық нұсқаға өту

Бразилиядағы тасқыннан 83 адам опат болды

07.05.2024, 08:41 738

Бразилияның оңтүстігінде тасқыннан қаза тапқандар саны 83 адамға жетті.

200-ден астам азамат зардап шеккен. 110 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Порту-Алегри қаласының тұрғындарын эвакуациялау басталды. Билік өкілдері таратқан ақпар бойынша, қазір шаһарда жарық жоқ. Мыңдаған адам ас-сусыз отыр. Бразилияда мұндай тасқын 1941 жылдан бері болмаған. Толассыз жаңбырдан өзен деңгейі 5 метрге көтеріліп, жақын маңдағы елді мекендерге жайылып кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz