Аргентина астанасы Буэнос-Айрэсте жолаушылар пойызы локомотивпен соқтығысып, жүздеген адам жарақат алды.
90 адам емдеу мекемелеріне жеткізілді. 30 кісі ауыр халде. Оқиға орнында құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал Сан-Мартин бағытындағы пойыз қозғалысы тоқтатылды. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мамандардың сөзінше, жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, қарсы тараптағы теміржол көлігіне барып соқтығысқан. Тергеу жүріп жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz