RU
Толық нұсқаға өту

Бішкекте тәртіпсіздіктер орын алды

18.05.2024, 11:08 751

Бішкекте 18-ші мамырға қараған түні жүздеген адам көшеге шығып тәртіпсіздіктер орын алды.

Олар шетел азаматтары тұратын хостел маңына жиналып, 13-ші мамырдағы оқиғаға қатысты кек алмақ болған. Осыған байланысты полицейлер тосқауыл қойып, тәртіпсіздіктің алдын алды. Таңға қарай топ тараған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 13-ші мамырда Бішкектегі хостелдердің бірінде шетел азаматтары мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Шетелдіктер жергілікті азаматтарды ұрып-соққан. Осыған байланысты 3 күдікті ұсталып, қамауға алынған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz