RU
Толық нұсқаға өту

Сербияда су тасқынынан бір адам қаза тапты

23.05.2024, 07:46 716

Сербияда қатты жел тұрып, бұршақ жауып, мұның соңы тасқынға ұласты.

Дүлей дауылдың кесірінен ағаш жерге құлап, 1 адам опат болды. Қолайсыз ауа райы Сербияның оңтүстік-батысындағы Нови-Пазар қаласына қатты әсер еткен. Билік мұнда төтенше жағдай режимін жариялады. Синоптиктер ел астанасы Белградта және бірнеше елді мекенде бұршақ жауып, қатты жауын-шашын түсетінін ескертті. Қолайсыз ауа райы Босния мен Хорватияда да тіркелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz