Әлемде бидайдың бағасы кейінгі 10 айда болмаған ең жоғарғы деңгейге жетті.
Бұған жаһандағы геосаяси ахуал себеп. Сарапшылар: шиеленістер азық-түлік тасымалына кері әсер ете ме деп алаңдаулы. Нарықтағы жағдайға күн райының қолайсыздығы да әсер еткен. Ең ірі өндірушінің бірі – Ресейде астықты үсік шалды. Ал Украинада мамыр тым құрғақ болды. Австралияда да жауын аз жауды. Сәуірден бері әлемдік нарықта бидай бағасы 30%-ке өскен. Сарапшылар осының салдарынан нан қымбаттайтынын ескертеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz