RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Газадағы босқындар лагеріне шабуыл жасап, 75 адам көз жұмды

06.06.2024, 17:52 646

Израиль Газа секторының орталығына шабуыл жасап, салдарынан 75 палестиналық көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.

Босқындар лагерінің бір күнде күл-талқаны шықты. Қара халықтың енді бас сауғалайтын жері қалмады. Тұрғындар амалсыздан ауруханаларды паналауға мәжбүр. Ал, Израильдің көздегені – ХАМАС. Шабуыл жасалған аймақта ХАМАС-тың қару-жарақ қоймасы бар-мыс. Сондай-ақ Рафақтағы операцияның да тоқтайтын түрі жоқ. Қақтығыс құрбандарының саны 40 мыңға жуықтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz