Париждегі Эйфель мұнарасына жазғы Олимпиада ойындарының басты белгісі ілінді, деп хабарлайды 24kz.
Олимпиада сақиналары спорт додасының басталуына 50 күн қалғанда орнатылды. Оның салмағы 30 тонна. Ені 29, биіктігі 15 метрге жетеді. Құрылым қайта өңделген болаттан жасалған. Жоба авторлары Олимпиада белгісін ойынның ашылу салтанаты өтетін Сена өзеніне қарсы бағытта орнатты. Дизайнын әзірлеуге 2 жыл, ал жасап шығаруға 8 ай уақыт жұмсаған. Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz