RU
Толық нұсқаға өту

Австралияда құс тұмауы балаға жұқты

11.06.2024, 09:52 742

Австралияда құс тұмауының жаңа штамы адамға жұқты, деп хабарлайды 24kz.

Бұл елде бұрын-соңды болмаған жайт. Вирус 2 жасар қыз баладан табылған. Ол бірнеше ай бұрын Үндістанда болған екен. Мамандар балақай ауруды сол жерде жұқтырса керек дейді. Өйткені шетелде жүргенде-ақ өзін нашар сезінген. Елге оралғанда жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен. Қазір қыз баланың халі жақсы. Бұдан бөлек, Австралияда құс тұмауы 5 фермада өршіп тұр. Салдарынан жарты миллионнан аса үй құсының көзі жойылды. Осы жағдайға байланысты елде жұмыртқа бағасы күрт өсіп кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz