Испанияда алапат су тасқыны болды, деп хабарлайды 24kz.
Елдің солтүстік-батысында 1 сағаттың ішінде жауын-шашынның рекордты мөлшері түскен. Бәрінен бұрын Каласпарра мен Альтиплано елді мекені тұрғындарына қиын болып тұр. Су егіс алқаптарын шайып кеткен. Сондай-ақ Мурсия провинциясында қауіп-қатердің «сары» деңгейі жарияланды. Мальорка аралында Пальма әуежайында су ұшу алаңдарына және ғимараттарға дейін кіріп кеткен. Әуежай жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz