RU
Толық нұсқаға өту

Eden Rose ерекше түсті гауһары 13 миллион долларға сатылды

14.06.2024, 17:51 696

Әлемдегі ерекше қызғылт гауһар Нью-Йорктегі Кристи’с аукционында 13 миллион АҚШ долларына сатылды.

Бұл сома алдын ала болжамнан айтарлықтай асып түскен. Әдепкіде аукцион оны 9-дан 12 миллион долларға дейін бағалаған болатын. Жалт-жұлт еткен мінсіз тастың салмағы - 10,2 карат. Көз тартар ерекше қызғылт түсіне байланысты Эден раушан гүлдеріне ұқсатып "Эден Роуз" гауһары аталған. Соңғы бірнеше жыл бриллиант жеке коллекцияда болыпты. Ал сатып алушының аты аталған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz