RU
Толық нұсқаға өту

«Шэньчжоу-18» ғарышта екі айдан бері ғылыми тәжірибе жүргізіп жатыр

17.06.2024, 08:35 495

Қытайдың «Шэньчжоу-18» ғарыш кемесі ғарышта 2 айдан бері ғылыми тәжірибе жүргізіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Тяньгун орбиталық станциясы жұмыс барысындағы көріністі жария етті. Қытайдың үш ғарышкеры 25 сәуірде 6 айлық миссияға аттанған еді. Сапар мақсаты – микрогравитация, ғарыштық материалтану, ғарыштық медицина және технологиялар төңірегінде ақпарат жинау. Экипаж өкілдерінің айтуынша, 90-нан астам эксперимент жүргізу жоспарда бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz