RU
Толық нұсқаға өту

Иранда жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты

19.06.2024, 09:00 654

Иранда жер сілкініп, 4 адам опат болды.

Тағы 120 тұрғын жарақат алды. Кашмар қаласында болған жер сілкінісінің күші 5 балл деп бағаланды. Бұл аймақ ел астанасы Тегераннан 800 шақырым қашықтықта орналасқан. Апат ауданында Халықаралық Қызыл Жарты ай қоғамының құтқару топтары жұмыс істеп жатыр. 3 уақытша лагерь құрылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру басталған. Иранда осыдан жеті жыл бұрын 7 баллдық зілзала болып, 600 адам көз жұмған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz