RU
Толық нұсқаға өту

Дағыстанда 3 күндік аза тұту жарияланды

24.06.2024, 09:22 694

Кеше Дербент пен Махачкала қалаларында белгісіз біреулер автомат қаруымен шіркеу мен синагоганы, сондай-ақ жол полициясы бекетін атқылаған.

Шабуылдан соң синагога өртке оранды. Террорлық акт салдарынан 15 полиция қызметкері қаза тапты. Ондаған адам жарақат алды. Интерфакстың хабарлауынша, осы уақытқа дейін 6 лаңкестің көзі жойылған. Республикада жедел штаб құрылды. Ресейдің ұлттық Терроризмге қарсы комитеті Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілгенін хабарлады: республикаға кіру және шығуға рұқсат жоқ. Аймақтағы ахуалға байланысты жергілікті билік өкілдері қала тұрғындарынан үйде болуды, есіктерді жабуды және терезелерге жақындамауды сұрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz