Қырғызстандағы демалыс аймағында қамалып қалған адамдарды эвакуациялау жүріп жатыр.
Осы сағатқа дейін мамандар 1300 адамның 180-ін құтқарған. Ош облысындағы Ноокат ауданында нөсер салдарынан сел жүрген еді. Содан демалыс аймағына барар жолды су шайып кетті. Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 5 адам қаза тапты. Тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz