RU
Толық нұсқаға өту

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін басқарады

02.07.2024, 11:33 1223

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы Ресейге өтті.

Ережеге сай Мәскеудің маңызды халықаралық органға жетекшілігі 1 айға созылады. Ресей Кеңеске соңғы рет былтыр сәуір айында төрағалық еткен. Ресми Мәскеу осы жолы Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеу, халықаралық қауіпсіздікті нығайту және БҰҰ-ның ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығын күшейтуге көңіл бөлгелі отыр. Бір ай ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің 20-дан астам отырысы жоспарланған.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне 15 мемлекет кіреді. Оның 5-еуі тұрақты, ал қалған 10-ы тұрақсыз мүше. Олар әр 2 жыл сайын сайлау арқылы ауысып отырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz