RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ: Газаға гуманитарлық көмек жеткізу қиындады

11.07.2024, 10:00 665

Газа секторында жалғасып жатқан қақтығыс салдарынан аймаққа гуманитарлық көмек қажетті көлемде жеткізілмейді.

БҰҰ-ның өкілі Стефан Дюжаррик осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Керем-Шалом шекара өткелі арқылы жөнелтілген жүктің жартысынан көбі аймаққа кірмей жатып, жолда тоналып, талан-таражға түседі. Бұған дейін 40 мың жүк көлігінің тек 26 мыңы өңірге жеткізілген. Ұйым өкілдері бұл мәселенің қатаң бақыланатынын айтып, гуманитарлық көмекті ұлғайтуды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz