Пенсильваниядағы атыстан кейін жарақат алған Дональд Трамптың жағдайы бірқалыпты.
Жергілікті медициналық мекеме дәрігерлері осылай дейді. Сондай-ақ оқиғадан бірер сағаттан соң Трамптың өзі әлеуметтік парақшасында мәлімдеме жасап, жиын кезінде көз жұмған марқұмның отбасына көңіл айтты. Трампқа жасалған қастандық – АҚШ тарихындағы төртінші оқиға. Осыған дейін 1912 жылы Теодор Рузвельтке, 1968 жылы Роберт Кеннедиге, 1972 жылы Джордж Уоллеске оқ атылған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz