Дональд Трампқа қастандық жасаған Томас Крукстың көлігінен жарылғыш зат табылды.
Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады. Оны залалсыздандыру үшін оқиға орнына мамандар жіберілген. Тергеушілер Крукстың үйін де тінтіп шыққан.
Естеріңізге сала кетейік, шілденің 13-і күні Пенсильвания штатында өз жақтастарымен кездесу кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалды. АҚШ-тың бұрынғы президентіне атылған оқтың бірі оның оң құлағына тиді. Трамптың қорғаушылары күдіктінің тығылған жерін бірден анықтап, көзін жойды. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қастандық криптовалюта бағамына әсер етіп, биткоинның 2 мың долларға қымбаттауына әкелді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz