Әлемде Windows операциялық жүйесі орнатылған 8,5 миллион құрылғының жұмысынан ақау шықты деп хабарлайды 24kz.
Microsoft корпорациясы өкілдерінің айтуынша, бұл барлық құрылғының шамамен 1%-і ғана. Десе де, техникалық ақау кесірінен бірқатар елде әуежайлар, банктер мен коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы тұралап қалған. Guardian басылымы келтірген мәлімет бойынша ақауды жою үшін бірнеше апта уақыт кетуі мүмкін.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz