RU
Толық нұсқаға өту

К. Харрис сайлауалды штабына $80 млн жинады

23.07.2024, 09:30 591

АҚШ вице-президенті Камала Харристің сайлауалды штабына 80 миллионнан астам доллар жиналды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл – азаматтардың ерікті түрде берген ақшасы. Осының алдында мемлекет басшысы Джо Байден президент сайлауына қатысудан бас тартып, орнына Камала Харристі ұсынған болатын. Бұл кандидатураны жоғары лауазымды бірнеше демократ-шенеунік, 6 губернатор қолдады. Солардың ішіндегі ең салмақтысы, Американың ең егде және ең танымал демократтарының бірі – Нэнси Пелоси. Партияластары Харристі президенттікке үміткер ретінде жақында ресми түрде ұсынады деген болжам бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz