RU
Толық нұсқаға өту

2034 жылы Олимпиада Солт-Лейк-Ситиде өтеді

26.07.2024, 09:05 729

2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпі тауларында өтеді.

Бұл туралы Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-ші сессиясында белгілі болды.

Жалпы қысқы ойындар Францияда төртінші рет өткелі отыр. Төртжылдықтың басты додасы 1924, 1968 және 1992 жылдары ұйымдастырылған болатын. Ал 2034 жылғы ақ Олимпиаданы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайды. Бұл шаһар 2002 жылы да қысқы ойындардың астанасы болған. Алдағы ақ Олимпиада 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz