RU
Толық нұсқаға өту

Шанхайда аптапқа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

02.08.2024, 12:12 730

Шанхайда ми қайнатар ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Қалада сынап бағанасы 40 градусқа жеткен. Сондықтан билік өкілдері тұрғындарға тысқа шықпай, мейлінше ғимарат ішінде қалу туралы ескерту жасады. Ал компанияларға жұмыс кестесін жоспарлау кезінде, ауа райын ескеру туралы кеңес берілді. Қалада жедел жәрдем қызметкерлері жоғары дайындық режиміне көшірілген. Аптап кесірінен биыл Қытайда алғаш рет қауіптің қызыл деңгейі жарияланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz