Қытайдың оңтүстік-батысын да су басты.
Тасқын мен лай көшкіні салдарынан 4 адам көз жұмып, 23 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апаттан әсіресе Сычуань провинциясындағы Гардзе-Тибет автономды ауданы қатты зардап шекті. Онда лай көшкіні автокөлік көпірін басып қалған. 900-ге жуық ауыл тұрғыны қауіпсіз жаққа көшірілді. Құтқару операциясына 1,5 мың маман мен ерікті жұмылдырылған.
Фэн Фагуй, Гардзе-Тибет автономды ауданының губернаторы:
- Қазіргі сәтке дейін 939 адамды уақытқа паналау орталықтарына орналастырдық. Оларға мемлекеттік стандарттарға сай көмек көрсетіледі.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz