RU
Толық нұсқаға өту

Трамп пен Харрис пікірталас өткізеді

09.08.2024, 09:10 643

АҚШ Президенттігіне үміткер Дональд Трамп пен Камала Харрис 10 қыркүйекте алғаш рет пікірталас өткізеді.

Бұл туралы ABC News хабарлады. Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында қарашадағы сайлауға дейін демократиялық қарсыласымен бірнеше дебат өткізуге дайын екенін жазған. Харрис Трамптың пікірін жауапсыз қалдырмады. Мичигандағы халықпен кездесуінде ABC теледебатына қатысатынын растады. Бұған дейін республикалық партия кандидаты Трамп президент Джо Байденмен пікірталас өткізген еді. Олар 10 қыркүйекте қайта кездесетін болған. Бірақ Байден АҚШ-тағы президенттік жарыстан бас тартты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz