RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады

09.08.2024, 15:50 726

Түркияның Анкара қаласында жолаушылар  автобусы апатқа ұшырады.

11 адам қаза тауып, 26-сы жарақат алды. Бұл туралы шаһардың денсаулық сақтау департаменті хабарлады. Измирден Ағрыға бара жатқан көлік Анкараның Полатлы ауданындағы Олукпынар ауылы маңында жолдан шығып кетіп, көпір тіректеріне соғылған. Апатқа байланысты тергеу-тексеру жұмыстары жүруде. Анкара губернаторы Васип Шахиннің мәлімдеуінше, жол апатына автобус тежегішінің істен шығуы немесе жүргізушінің қалғып кетуі себеп болуы мүмкін. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz