Түркияда елге келушілерге саусақ іздерін тапсыру міндеттеледі.
Жергілікті ішкі істер министрлігі АҚШ пен Ұлыбританиядағы жүйеге ұқсас көші-қон заңына түзетулер енгізді. Сонымен қатар босқын мәртебесін алғандардың жеке куәліктерін чиптеуді жоспарлап отыр. Бұл шара заңсыз иммигранттарға қарсы күресте тиімділігін көрсетеді дейді мамандар. Соңғы мәліметке сәйкес, Түркияда 4 жарым мыңға жуық мигрант бар. Оның 3 мыңы Сириядан бас сауғалап келгендер. Бірақ 700 мың сириялық көрсетілген мекен-жайда тіркелмеген.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz